• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ДІАҚМ діни бірлестіктер қызметінің ашықтығын арттырады (ФОТО) 28.08.2017

Бүгінгі күні діни мәселелерге қатысты заңнамалық өзгерістер жиынтығы әзірленген.

«Заңнамаға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің идеологиялық негізі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған. Ол бойынша сарапшылар мен ғалымдар тобы бірнеше ай бойы жұмыс жүргізді. Тұжырымдама Елбасының 2017 жылғы 7 шілдедегі жарлығымен бекітілген. Бұл құжат қоғамға діннің мемлекет өміріндегі рөлі мен орнына қатысты ашық хабарлама болып табылады. Оның нормалары Президент Жолдауының басымдықтары мен қоғам ұсынымдарын қамтиды. Тұжырымдамаға сәйкес, діни насихаттауға мониторинг пен бақылау жүргізіледі. Діни бірлестіктердің каноникалық мәселелеріне араласпай, олардың қызметін қадағалау бойынша мемлекеттік функциялар кеңейтілуде. Яғни, мемлекет діни, каноникалық, рәсімді мәселелерге араласпайды. Осы ретте діни радикализм мен экстремизм идеяларының өтуіне жол бермеу үшін діни бірлестіктер жұмысының мазмұндық бөлігін мониторингілеуді жүзеге асырады», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Бұдан бөлек, мемлекет барлық діндердің гуманистік, рухани құндылықтарын ілгерілету бойынша бастамаларды қолдайтын болады.

«Қазір осы тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленуде. Тұжырымдаманың негізінде заңнамаға енгізілетін түзетулер, өзгерістер мен толықтырулар жиынтығы дайындалды. Яғни, заң жобасы түрінде. Әзірше бұл заң жобасы әзірлену үстінде. Ол бойынша қоғам қызметкерлері, теологтар, үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктердің өздері жұмыс жүргізуде. Жалпы алғанда, 13 заң мен 4 кодекске 60-қа жуық түзету мен толықтыру қарастырылып жатыр. Алдағы енгізілетін жаңалықтардың қысқаша мазмұны – діни бірлестіктер қызметінің ашықтығын арттыру, барлық азаматтардың құқықтарын қорғау, заңмен реттелетін мәселелердегі діни канондар талаптары бойынша қағидаттардың сөзсіз басымдығын анықтау», - деп қосты ведомство басшысы.

Бұдан бұрын Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүлдіргіш діни ағымдарға қарсы идеологиялық ақпараттық іс-қимыл шеңберінде қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай

Фото Шыңғыс Қаппаров


Back to the list