28.08.2017
«Қазіргі кезде министрлік заңды жұмыс істеп тұрған барлық діни бірлестіктермен ынтымақтастықты ретке келтірілді. Онымен қоса көптеген мәселелер онлайн режимде шешіліп жатыр.Осындай ынтымақтастық аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен (ҚМДБ) меморандумға қол қойылған. Оның негізінде ҚМДБ өз жұмысының форматтарын өзгерту бойынша елеулі шараларды қабылдады. Имам корпусының жұмысы жаппай-насихат жұмысынан мақсатты аудиториямен жүргізілетін нақты жұмысқа қайта бағытталды. Кең форматты түсіндіру жұмысы ендігі тек діншіл адамдар арасында әрі негізінен діни мекемелерде жүргізіледі», - деді Н.Ермекбаев.
Тұжырымдамаға сәйкес, діни насихатты бақылау жұмыстары күшейтіледі және діни бірлестіктердің қызметін қадағалайтын мемлекеттік қызметтер кеңейтіледі. Сонымен қатар мемлекет бұрынғысынша канондық және діни мәселелерге араласпайтын болады.
Ведомствоаралық жұмыс аясында деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-әрекеттің идеологиялық әрі ақпараттық қадамдары қабылданып жатыр. Үкімет жанынан тек дін мәселелерімен айналысатын арнайы Ведомствоаралық комиссия құрылды. Осындай өзара іс-қимылдың нәтижесінде діни мекемелердің айналасындағы қауіпсіздік күшейтілді, діни материалдарды тарату арналарының тұрақты мониторинг жұмысы реттелді.
«1 тамыздан бастап Бас прокуратура мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бірлесіп, «Киберқалқан» жобасын іске асырып жатыр. Оның аясында арнайы kibernadzor.kz ресурсы құрылды. Сайттарға монторинг жасаудан өзге, кітап және баспа өнімдеріне сараптама жүргізілуде. Сондай-ақ, ІІМ-мен бірлесіп діни экстремизм үшін сотталғандарды оңалтудың арнайы қызметі құрылды», - деді ол.
Бұдан өзге, ақпараттық-түсіндіру жұмысының жүйесі жетілдірілді, ендігі ол ҚР ДІАҚМ үйлестіруімен құрылған. Теологиялық және ақпараттық топтардың құрамы қайта жасақталды және теологтар, ҮЕҰ сарапшылары, белсенділер, БАҚ және діни бірлестіктер есебінен кеңейтілді.
Олар жыл басынан бері 1.8 млн адамды қамтыған 17 мыңнан астам шара өткізген. Жастармен жұмысқа баса назар аударылды. Аталған кезеңде 700 мың жас өздеріне арнап ұйымдастырылған 6 000-нан астам шараға қатысқан.
«Сондай-ақ, қауіп топтарымен жүргізетін жұмыстың жобалық тәсілдері қалыптастырылды. Министрліктің осы бағыттағы негізгі серіктесі – «Ақниет» оңалту орталығы. Ол бостандығынан айыру орындарында қызмет көрсетеді. Орталық қызметкерлері діни экстремизм үшін сотталғандармен және олардың отбасыларының мүшелерімен жұмыс жүргізеді», - деді Н.Ермекбаев.
Министрліктің ақпаратынша, БҒМ-мен бірігіп «Қоғам және дін» оқулық әзірленіп жатыр. Ол оқыту бағдарламасына енгізіледі.
Ақбота Күзекбай
Фото: Шыңғыс Қаппаров