22.08.2017
«Мәдениет және спорт, білім және ғылым, ақпарат және коммуникация, дін істері мен азаматтық қоғам, қаржы министрліктеріне, аймақ әкімдіктеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жобаларды уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Осы ретте, ол баса айтып кеткендей, Үкімет өзінің алдына қойылған міндеттерді нақты жүзеге асырып, жұмысына сәйкесінше түзетулер енгізуі керек.
Бұдан басқа, Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету үшін Азаматтар үшін үкімет корпарациясына ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне ұлттық экономика, қаржы, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрліктерімен бірлесіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін бойынша өз жобаларын ұсынуды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министр нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын дамыту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аудару қажеттілігін атап өтті.
Ақбота Күзекбай
Фото Бауыржан Жуасбаев