22.08.2017
«Мемлекет басшысы Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аудару қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол тұрақты жұмыс орнын құрып, еңбек ресурстарының өңіраралық тепе-теңдігін сақтауды тапсырды. Осыған орай, еңбек министрлігі, ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп бір ай көлемінде өңірлік квоталарды арттыру мен ерікті қоныс аударуды ынталандыруды арттыруды тапсырамын», - деді Б.Сағынтаев.
Осы орайда, Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдермен бірлесіп бір ай ішінде халықты шағын несиелендірумен қамтуды кеңейтуді тапсырды.
«Өңір әкімдері Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында тұрақты жұмыс орнын құру мен өңірлерде азаматтарды зейнетақы жүйесі мен міндетті медициналық сақтандыруға тарту бойынша жұмыс жүргізулері керек. Ұлттық экономика министрі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдермен бірігіп, халықты шағын несиелеумен қамтуды кеңейтулері керек», - деді ол.
Сондай-ақ, Премьер-Министр айтып өткендей, Үкіметтің өткен отырысында Ұлттық сарапшылық стратегия мақұлданғанын айтып өтті. Сондықтан да, Б.Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіне құзырлы мемлекеттік органдармен бір ай ішінде экспорттаушыларды қолдау бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Осыған дейін, Б.Сағынтаев меморгандар мен әкімдіктерге «Нұрлы жол» ж»не «Нұрлы жер» қаржысын игеруді үнемі бақылауды ұстауды тапсырған болатын.
Ақбота Күзекбай