22.08.2017
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған болатын. Заң жобасы бюджеттік заңнамаға негізгі 6 бағыт бойынша өзгеріс енгізуді қарастырады.
«Бірінші бағыт бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жеңілдету бойынша келісудің жеке кезеңдерін алып тастау жоспарланған. Екінші бағыт ҰЭМ келісімінсіз стратегиялық жоспар әзірлемейтін мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын бекіту. Қаржы министрлігімен келісу қалдырылады. Үшіншіден, меморгандардың бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға ішкі бюджеттік қаржыны реттеу ҰЭМ мен ҚМ келісімінсіз, алайда ҚМ рұқсатымен жүзеге асырылады. Бұл бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды әр кезеңде 10 күнге қысқартады», - деді министр.
Сондай-ақ, министр айтып өткендей, мақсатты трансфертті дамыту бойынша қорытынды келісімін алып тастау көзделіп отыр.
«Қорытындысында 1,5 мың құжат орталық және жергілікті деңгейде қысқарады. Орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік шығындарын Қаржы министрі анықтайтын ортақ лимитпен бекіту қарастырылған. Бұл бюджеттік өтінішті дайындауды жеңілдетіп, оны қарау уақытын қысқартады», - деді министр.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов кодекс жобасындағы кедендік әкімшілендірудің 5 маңызды бағыты туралы айтып өтті.
Ақбота Күзекбай