21.08.2017
«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Ол мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның бағдары Қызылорда облысынан басталады. Ұзындығы 1800 км құрайтын газ құбырын Қарағанды облысы арқылы өткізу жоспарланып отыр. Газ құбырының қуаттылығы жылына 3 млрд текше метрді құрайды, ал бағасы 260 млрд теңгеден астам», - деді министр.
Қ. Бозымбаевтың айтуынша, бұл мәселе жан-жақты қаралып, талқыланған және Үкіметтің қарауына жіберілген.
«ҚазМұнайГазда» несие ресурстарын тарту мүмкіндігі жоқ, себебі олардың несие жүктелімі өте үлкен. Сол себепті бұл мәселе «ҚазТрансГаз» арқылы шешілуде. «ҚазМұнайГаз» арқылы қаржыландыру бойынша қазіргі уақытта проблемалар туындауда, біз ол үшін басқа инвесторларды тартуға тырысып жатырмыз», - деп қорытындылады ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, баспасөз конференциясы барысында Қанат Бозымбаев Қазақстан ашық мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салуды алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
Ақбота Күзекбай
Фото Бауыржан Жуасбаев