• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан  ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауды шектеу келісімінен шығуды қарастыруда 21.08.2017

Министр айтып өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда  ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттамау  туралы   келісім  Ресеймен орнатылған.

«Бұл  тауарды кеденсіз өткізуімізге байланысты.  Біз ресейлік жанармай мен дизельдік отынды қолданып отырмыз. Егер қараша айында екі зауыт өнім беретін болса, желтоқсанда бақылап, қаңтардан бастап  аталмыш келісімді алып тастау  бойынша бастама жасаймыз», - деді Қ.Бозымбаев.

ҚР ЭМ басшысы айтып өткендей,  мұнай өнімдерін шығару ішкі қолданыстағы  көлемді  1,5-2 млн тоннаға артырады.

«Біз ішкі нарықты жауып, экспортың аз-кем бөлігін ашамыз. Бұл біздің жұмыс істеп, ауқымды пайда табуымызды қамтамасыз етеді. Біз ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттамау келісімінен бас тартуды көздеп отырмыз», - деді министр.

Ол айтып өткендей, Қазақстан үшін басты нарық Орта Азия мен Ауғанстан  болуы мүмкін.

Ақбота Күзекбай

Фото: Бауыржан Жуасбаев


Back to the list