• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты 19.08.2017

Орталық Азиядағы заманауи брондалған дөңгелекті машиналар шығаратын ең ірі кәсіпорын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ін аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа жаңа инновациялық технологиялар қолданумен шығарылатын өнімдердің үлгілері көрсетілді.

«Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» нысанында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа электронды және электронды-оптикалық өнімдер өндірісі таныстырылды.

Компанияның қызметі елімізге қажетті технологияларды трансферттеуге бағытталған, кәсіпорын алдыңғы қатарлы технологиялармен жұмыс істеуі үшін мамандарды оқытады және халықаралық зерттеулерге қатысуын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес компанияның инфрақұрылымдық инновациялық дамуы жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен интеграциялануы үшін жағдай жасап, ғылым мен  бизнестің салааралық кооперациясын қамтамасыз етуде.


Back to the list