• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысымен кездесті 19.08.2017

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және 2015 жылғы қарашада Ауғанстан президенті А. Ганидің Астанаға сапары барысында екі мемлекеттің Басшылары жасасқан келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.

Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін жақсарту шаралары мен темір жолдар салу саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары қаралды. Бұдан өзге, екі елдің білім беру саласындағы өзара іс-қимылын жалғастыру мәселесі көтерілді.

Бақытжан Сағынтаев Абдулла Абдулланы ұлттық мерекесі – Ауғанстан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оған қоса, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017-дегі Ауғанстанның Ұлттық күнін талқылады.

Атап өтер болсақ, Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 489,4 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 486,8 млн, импорт – 2,5 млн. 2017 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 195,8 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 195,2 млн, импорт - 0,6 млн.


Back to the list