17.08.2017

«Менің тапсырмам бойынша биылғы жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Ол маңызды мәселені шешуге арналған – алдағы 15 жылда 1,5 млн халықты баспанамен қамту. Бағдарлама тұрғын үй нарығын дамытуға негізделген. Халыққа ипотекалық несиелер «Қазақстандық Ипотекалық компания» АҚ арқылы беріледі. Несиелік тұрғын үй құрылысын әкімдіктер мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жалғастыратын болады. Бұл шараларға қаржы «революциялық ұстаным» бойынша бөлінеді», - деді Елбасы өз Жолдауында.
Сондай-ақ, Елбасы айтып өткендей, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға әкімдіктер сатып алу құқығынсыз жалға беру пәтерін ұсынулары керек.
Бағдарламаның негізгі мақсаты тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу, халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыру.

Ағымдағы жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 млн. шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік инвестиция есебінен 541,3 мың шаршы метр (8,7%).
Алматы облысындағы тұрғын үй енгізу көрсеткіштерінің төмендегенін (75,8%) қоспағанда, республиканың 15 өңірінде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемдерінің арттуы байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда Батыс-Қазақстан (70,6%), Жамбыл (45,7%), Павлодар (39,4 %), Кызылорда (35,9%), Солтүстік Қазақстан (32,1%), Маңғыстау (33%) облыстарында тұрғын үй енгізудің қарқыны жоғары.
Республика бойынша 53 949 баспана пайлануға берілген.

«Жыл басынан бері қаржыландырудың барлық көзі есебінен 6,2 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілгенін, ол «Нұрлы жер» бағдарламасының жылдық жоспарының 61%-ын құрайтынын атап өтті. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Астана (1 680,2 мың м2), Алматы (981,6 мың м2) қалалары, Маңғыстау (592,7 мың м2) және Оңтүстік Қазақстан облыстары (348,9 мың м2) көш бастап тұр. Жеке тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары басым», - деді Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр 2017-2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы барысында.
7 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд теңге бөлінген, оның 75,8 млрд теңгесі мемлекеттік инвестициялар. Мемлекеттік қаражаттар есебінен 8 829 пәтер (541,3 мың м2) салынған. Жыл соңына дейін тағы қосымша 16 176 пәтерді (948,2 мың м2) пайдалануға беру жоспарда бар.
Роман Скляр Бағдарлама аясында жүргізілген жұмыс туралы айтып өтті.
«Биыл бағдарлама аясында әкімдіктерге 25 млрд теңге бөлінді және 6 мыңға жуық арендалық пәтерлердің құрылысы басталды, олардың жартысы жыл соңына дейін өткізіледі. Арендалық үйлермен баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары қамтамасыз етіледі. Аренда ақысы, сатып алу құқығынсыз, әлеуметтік тұрғын үйдің 1 м2 шамамен 100 теңгені құрайды», - деді вице-министр.
ИДМ хабарлағандай, 2017 жылы сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 25 млрд. теңге мақсатты трансферт бөлінді және өңірлерге 1,5 млрд. теңгеден таратылды.Өңірлерге аударылған 10,4 млрд. теңге қаржының 1 тамыздағы есебі бойынша 9,5 млрд. теңгесі немесе 91%-ы игерілді. Биыл 150 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда.
Тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тартуға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 83,4 млрд. мақстатты трансферт бөлінді. Оның ішінде 45,5 млрд. теңгесә ЖТҚ аудандарына.

Бағдарламаның екінші міндеті жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған.
««Нұрлы жер» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсету болып табылады. Мемлекет азаматтарға құрылыс салуға бөлген жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізуді қамтамасыз етеді. Жыл сайын желілерді салуға 80 млрд теңге бөлу қарастырылады, олардың 50%-на дейін жеке тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға инженерлік желілерді жүргізуге бағыттау көзделеді. Бұл орта есеппен 15 жыл ішінде жыл сайын шамамен 40 мың жер телімін желілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Р.Скляр.
Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, жоспарланған 60 мың жер телімінен бүгінде 23,5 мың аумағы желілермен қамтылған.
4 облыс орталығында бірыңғай сәулет стилінде жеке баспаналар құрылысының пилоттық жобасын іске асыру жұмыстары басталды.
Осындай баспананың құны 90%-ға дейін отандық құрылыс материалдарын пайдалану есебінен шаршы метріне 120 мың теңгені құрайды.
Бүгінде 10 банк бағдарламаны іске асыруды бастауды жоспарлап отырса, 3-уі ипотеканы белсенді іске асырып жатыр, қазіргі уақытта олар азаматтардан ипотека алуға өтінімдер қабылдауда.
««Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін несиелік тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Тұрақты табысы бар азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеке баспана алу мүмкіндігіне ие болады. Оған қоса, бастапқы жарнаның төменгі шегі мен қарыздар бойынша ең аз мөлшерлемелер қарастырылған. Бүгінгі таңда жоспарланған 15 мың пәтердің 6140 несиелік пәтері салынған», - деді Р.Скляр.
Өз кезегінде, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бойынша салымшылар бірқатар бағыттарды қарастыра алады. Бірінші бағыт несиелік тұрғын үй құрылысына негізделген, ол тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі мен жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жүзеге асырылады. Келесі бағыт аясында –несиелік тұрғын үйді жүзеге асыруда біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына салынған пәтерлерді бөліп береміз. Олар келесі талапқа сай болуылары керек: ҚР азаматтығы немесе оралман мәртебесі, банктегі төлей алу қабілетін растау, соңғы бес жылда ҚР аймағында пәтері болмауы. Бұл тұрғын үйді жылдық 5 пайызбен алғашқы салым 30 пайызбен баспана алудың тамаша мүмкіндігі.
Бүгін Үкіметте өткен конференция барысында «Нұрлы жер» бағдарламасының құрылыс нарығына ықпалының нәтижелері туралы «Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова да айтып өтті.
««Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөліктерінің бірі – Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры. Бұл - «Бәйтерек» холдингінің құрылыстың аяқталуын кепілдендіру мен қазақстандықтарға құрылысқа өркениетті жолмен, үлескерлікпен қатысуға мүмкіндік беру үшін құрылған еншілес ұйымы. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап аталған қор арқылы бірінші жобаны іске асыру жұмыстары басталатынын хабарлады. Бұл астаналық «Миллениум парк» ТК-дағы 100 пәтер болады. ТҚЖБ салымшылары шаршы метріне 290 мың теңге болатын бағаға баспана сатып ала алады. Оларға арнайы кепілсіз несие желісі қолжетімді болады», - деді Л.Ибрагимова.
Бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлерді сатып алуды қамтамасыз ету үшін ҚТҚЖБ салымшыларын несиелеу мақсатында Ұлттық қордан 22 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 тамызында құрылыс салушыларға 42,2 млрд. теңге аударылып, оның 42,2 млрд. теңгесі немесе 58,5%-ы игерілді. 25,8 млрд. теңгеге шарт жасалған жоқ. Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақста облыстарында алаңы 306,4 мың шаршы метр (6048 пәтер) болатын 7 жобаның құрылысы жүріп жатыр.
Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру аясында жыл сайын 3 жыл қатарынан жеке құрылыс салушыларды несиемен субсидиялау үшін 11 млрд. теңгеден бөлуді қарастырып отыр.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 11 млрд. теңгені жоспар бойынша қаржыландыру операторы «Даму» КДҚ» АҚ-на 5,3 млрд. теңге аударылды. Бүгінгі күні 7 банк құрылыс компанияларын кредиттеу жобасына қатысатынын расстады.
Жыл сайын 10 жылда халықтың ипотекалық займдарын субсидиялауға 10 млрд. теңгеден бөлу қарастырылған.

Биыл бөлінген 10 млрд. теңгенің жоспар бойынша қаржыландыру операторы «ҚИК» АҚ-на 4,3 млрд. теңге аударылды.
Қажетті заңнамалық акт қабылданғаннан кейін және екінші деңгейлі банктер мен «ҚИК» АҚ арасында автоматтандырылған деректермен алмасу тәртібі келісілгеннен кейін ағымдағы жылдың шілде айынан бастап 3 банк 11 өңірде (Астана, Алматы ққ, Мағгыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Алматы, ШҚО, БҚО) ипотеканы белсенді іске асырып жатыр.
Бүгінгі күні 3 банкпен (БанкЦентрКредит, Сбербанк, АТФБанк) 1,5 млрд. теңгеге 145 өтініш қабылданды және 30 млрд. теңгеге (жоспар 120 млрд. теңге) 2 мың қарыз (жоспар 8 мың) беруді болжайды. Қалған банктер дайындықтың әртірлі сатысында тұр (ішкі дайындық жұмыстары: норомативтәк базаны бекіту, есептеу жүйесін пысықтау және басқасы).
Барлығы 10 банк халыққа жеңілдетілген кредит беруіне қатысуға дайындығын білдірді: «БанкЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «BankRBK» АО, «ҚТҚЖБ», «Цеснабанк» АҚ, «Теngri Bank» АҚ, «KASSA NOVA BANK» АҚ, «Банк ВТБ» АҚ, «Нурбанк» АҚ.
Ақбота Күзекбай