17.08.2017
«Салынып жатқан нысанға тапсырыс беруші, мердігер, авторлық бақылау мен техникалық бақылау - осы төрт инстанция бақылау жүргізеді. 2015 жылдан бастап бізде процедуралар жеңілдетілді, мемкомиссиялар жоқ. Нысанды қабылдау актісінде тек осы төрт қол ғана бар. Ал, сапаға келетін болсақ мен атап шыққан осы төрт инстанция жауапты», - деді Р. Скляр.
Вице-министрдің хабарлауынша, өткен жылы 10,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Бұл 89 мың тұрғын үй: жеке және көппәтерлі үйлер. Олардың барлығы сәйкесінше сапамен пайдаланылуға берілді. Пайдалану барысында алғашқы екі жылда салушы кемшіліктерді жоюға жауапты. Аталмыш жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, арнайы құрылымдар бар соны бақылайтын», - деп атап өтті ол.
Құрылыс барысында көбіне қазақстандық құрылыс материалдары пайдаланылады.
«Оларды арзан немесе қымбат деп айту – ол сол салынып жатқан үйдің санатына байланысты. Егер компания бірінші, екінші санаттағы үйді салып жатса онда жоғары сапалы материалдар пайдаланылатыны сөзсіз. Ал төртінші санаттағы үйді өзінің деңгейіне қарай сапалы етіп салуға болатындай құрылыс материалдары пайдаланылады», - деп түйді вице-министр.
Бұған дейін Роман Скляр Астана, Алматы қалалары, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасында екенін хабарлады.
Ақбота Күзекбай