14.08.2017
Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армияндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы атап өтілді.
Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.
«Биыл Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады», - деп хабарлады рrimeminister.kz.
Бұдан өзге, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және а. ж. 16 тамызға жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.
Айта кетейік, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтеді.