13.08.2017

«Бүгін Беларусь Республикасы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Ұлттық күнін тойлап жатыр. ЭКСПО көрмесі – бірегей шара. ЭКСПО көрмесінде мемлекеттер әртүрлі саладағы өз жетістіктерін таныстырып, мәдениеті, өнері, тарихымен бөліседі. Өз кезегінде, ЭКСПО –ға келушілер бір күннің ішінде әлемдік өркениет бойынша саяхат жасай алады», - деді Беларусь елінің премьер-министрі.

Андрей Кобяков айтып өткендей, Ұлттық павильонның тұжырымдамасы аталмыш идеялар бойынша әзірленген.
«Біздің қонақтар «Ұлы қамал» қытай-беларусь индустриалды паркінің қызметімен таныса алады. Ол Жібек Жолы экономикалық белдеуінің маржаны болып табылады. Біз машина құрылысының барлық шоғырын таныстырдық. Ерекше назар ИТ-технологиялар мен таныстырылымдарға аударылды. Ұлттық өзгешелік қолөнер заттарында көрініс тапқан», - деді премьер министр.



Осыған дейін ҚР Премьер –Министрі Бақытжан Сағынтаев Беларусь павильонына жоғары баға беріп, қазақстандықтарды техниканы беларусьтық стандарт бойынша таныстыруға шақырды.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтті, шара Беларусьтің Ұлттық күні аясында ұйымдастырылды. 13-15 тамыз аралығында беларусьтық өндірушілердің «MadeinBelarus» көрмесі «Көрме» орталығында өтеді.
Ақбота Күзекбай
Фото:Абзал Қалиев, Бауыржан Жуасбаев