10.08.2017

«Ағымдағы жылы Ұлттық қордан 71,7 млрд теңге бөлінді, оның 26,5 млрд теңгесі – 2016 жылы басталған 53 мектептің құрылысын аяқтауға, 45,2 млрд теңге жаңа 56 мектептің құрылысын бастау үшін бөлінді. Ағымдағы жылдың тамыз айының басындағы жағдайға сәйкес Ұлттық қордан әкімдіктерге 41,1 млрд теңге аударылды, оның 38,6 млрд теңгесі немесе 94% игерілді. 2,5 млрд теңге игерілмеді. Қаржының игерілмеуі жеті аймақта орын алды, олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары», - деді Б. Асылова.
Оның айтуынша, бюджет қаржысын үнемдеуден басқа қаржының игерілмеуінің басты себебі жеткізушілердің орындалған жұмыс бойынша акттың уақытылы өткізбеуі және байқау процедурасына шағымдану.
«1 тамыздағы жағдай бойынша 7 білім беру нысаны пайдаланылуға берілді. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында бір мектептен және ОҚО – 4 мектеп, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 320 орынға шақталған балабақша іске қосылды. Оларды қаржыландыру Ұлттық қордан 2016 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді», - деп толықтырды ол.

Б. Асылова атап өткендей, жыл соңына дейін Қазақстанда 70 мектепті пайдалануға беру жоспарланған.
«Барлық мерзім жыл басында келісіліп, әкімдіктер бюджет қаржысын игеру бойынша кепілдеме берген, білім және ғылым министрлігі ай сайын мониторинг жүргізіп келеді», - деп мәлімдеді вице-министр.
Ақбота Күзекбай
Фото Шыңғыс Қаппаров
Видео Арман Мұхатов