• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ҰЭМ: «Бизнестің жол картасы - 2020» қолдау шаралары кеңейтілді 08.08.2017

Т. Сүлейменов хабарлағандай, Бірыңғай бағдарламаның қатысушылары  204 млрд. теңге сомасында салық төлеген, өнімнің жиынтық пайдасы 3,3 трлн. теңгені құрады,  47,5 мың жұмыс орны сақталды және құрылды.

«Бүгінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың есебінен 1 024 кәсіпкер өз жобаларының қаржыландыру шарттарын жақсарта алды. Арзандатылған несиелер сомасы 90,1 млрд. теңгені құрады. Берілген субсидиялардың жалпы көлемі 17,5 млрд. теңгені құрайды. 505 кәсіпкер 17,1 млрд. теңгеге несиелер бойынша кепілдеме алуға қол жеткізді. Кепілдердің жалпы көлемі 6,8 млрд. теңгені құрады. 15 млрд. теңге сомасындағы 24 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жетіспейтін инфрақұрылым жүргізілді. Жаңа бизнес бастамаларын жүзеге асыру үшін 221,4 млрд. теңге сомасындағы 114 мемлекеттік грант берілді», - деді министр.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы алдыңғы жылдарға қарағанда бюджеттік қаражатқа қосымша қажеттіліктер жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылуда.

«Істің мұндай беталысы әкімдіктерді неғұрлым нақты есеп жүргізуге және кәсіпкерлердің нақты жобаларына қаржы бөлуге ынталандырады. Бұл мүмкіндіктерді қазірдің өзінде Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері пайдаланып отыр, бұларда 2,5 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінген», - деді министр.Аталған өзгерістер жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағдарлайды.

Жалпы, эеономиканы несиелендірудің ішкі нарығындағы жағдай бағдарламаға мына өзгерічтерді енгізуді таап етіп отыр:

1.Несиелер бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін енгізу. Бүгінде ол бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын несиелер сыйақысының номиналдық мөлшерлемесінің шекті көлемі 19%-дан аспауы тиіс. Бұл ретте, қарыздық қаражаттардың өзіндік құнының бағдары болып табылатын Ұлттық банктің базалық ставкасы 10,5%-ды құрайды. Іс жүзінде қазіргі кезеңде мемлекет несие қаржыларының құнын едәуір артық төлеп отыр 

2.Бүгінде 180 млн.-ға дейінгі несиелерді субсидиялау кезінде ӨҮК-ті қатыстырмау ұсынылып отыр. «Бүгінде 180 млн. теңгеге дейінгі несиелерді ӨҮК-сіз кепілдендіру тәжірибесі бар. Бұл берілген несиелер санын осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік берді.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мерзімін қазіргі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр.  

4. «БЖК-2020» бағдаламасы аясында алынған несиені жеке мақсатта пайдалану жағдайында «Даму» қорының берген кепілдемесін жою ұсынылуда.

5. Бірыңғай бағдарламадан сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілерін алып тастау ұсынылуда. Себебі өңірлердегі бюджеттік қаражаттың жетіспеушілігі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің ауқымды жобаларына мемлекеттік қолдау көрсетудің есебінен орын алып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралған Үкімет отырысында 2017 жылы қалалардағы кәсіпкерлік қызметті микронесиелеу үшін 10 млрд теңге бөлініп, оның 3 млрд теңгесі республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерінен және 7 млрд теңге жалпы сипаттағы трансферттер арқылы қарастырылғанын жеткізді.

Ақбота Күзекбай


Back to the list