• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кәсіпкерлікті дамыту: Жергілікті ауылдық  пункттер қалай несиелендіріледі 08.08.2017

Қайрат Айтуғанов 2017 жылы  аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға қанша қаржы қарастырылғаны туралы айтып өтті.

«Бюджеттік несие  27 млрд теңге көлемінде  шағын несиелендіруге бөлінді, оның ішінде  ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – 16 млрд теңге және Аграрлық-несиелік корпорация -11 млрд  теңге бөлді.  Кепілдендірілген  шағын несие құны  2,8 млрд теңге,  ЖАО шығындарын субсидиялауға  418 млн теңге бөлінді», - деді бірінші вице-министр.

Ол айтып өткендей, 4 тамыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығын  қолдау қоры бөлген  16 млрд  қаржының 8,5 млрд теңгесі немесе  53 пайызы игерілді.

«Бүгінде  12 облыс бойынша Бағдарламаға өтініш қабылдау тоқтатылды. Себебі,  Қорға келіп түсетін өтініштер игерілді.  Қор 10 қыркүйекке дейін  13 облыс бойынша бағдарлама бөлген қаржыны игеруді жоспарлап отыр.  Ал, Шығыс Қазақстан бойынша қаржы  30 қазанға дейін игеріледі», - деді Қайрат Айтуғанов.

Спикер айтып өткендей, аталмыш Бағдарлама бойынша халықтың несие алуға сұранысы жоғары болғандықтан, Қор қосымша  3 млрд теңгені  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қарастырып отыр.

«Аграрлық-несиелік корпорация  бүгінгі таңда бөлінген  11 млрд теңгенің  5,2 млрд-ын немесе  48 пайызын игерді. Ақтөбе облысында  (86%), Павлодар облысында  (84%) игерілді. Ең аз игерілген облыстар: Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы», - деді ол.

Осылайша, Бағдарлама бойынша  13 млрд  700 млн теңге игерілді.

Спикер айтып өткендей, бүгінгі таңда 2909 шағын несие берілді, оның ішінде  1344 шағын несие – кооперативтерге  сүт дайындау мен отбасылық тауарлы сүт ферманы ашу үшін  5,5 млрд теңге  бөлінді.

«Ең көп игерілген облыстар – Павлодар облысы - 93%, Ақтөбе облысы  – 79%. Аз қамтылған облыс Шығыс Қазақстан облысы – 12 пайыз», - деді Қ.Айтуғанов.

Аталмыш шаралар бойынша 2261 жұмыс орны ашылды,  1290 жеке кәсіпкер тіркелді.

Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ капиталы  25,4 млрд теңгеге толтырылды.

Айта кетейік, жүргізілген жұмыс аясында 517 кооператив құрылды, ол  53,5 мың ЖҚШ-ны қамтыды, 173 кооператив  сүт дайындау бойынша құрылды,  281 кооператив ет дайындау бойынша ұйымдастырылса,  41 кооператив  көкөніс дайындау,  22  тері дайындау,  түйе сүті мен құс етін дайындауға  бағытталды.  30 573 мал басын қоректендіру  үшін  1835 алаң   ашылды.

Ақбота Күзекбай


Back to the list