• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кәсіпкерлікті дамыту - Үкімет жұмысының басты басымдықтарының бірі 05.08.2017

Кездесу барысында қатысушылар туристік саланы дамытуға бөлінген қосымша қаражаттың бөлінуін, сауда нарықтарын жаңғыртуды, «БЖК-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бюджетті арттыруды, ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері кооперативтерін қаржыландыруды, елді мекендердің бас жоспарын түзетуді, сонымен қатар Қазақстанда шағын индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады. 

Сөйлеген сөзінің барысында Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкімет жұмысының басты басымдықтарының бір болып табылатынын атап өтті. Бұл бағытта бизнес үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде бизнес шығындарын азайту, тексерулерді қысқарту, несиелік қолдауды қайта реттеу мен кеңейту бар.

Сонымен қатар, қазіргі кезде жаңа екі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда: АӨК дамыту мен өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, бұл бағдарламаларда да бизнесті қолдау тәсілдері қарастырылған. 

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев аймақтағы бизнес саласын дамытуда облыс экономикасының перспективалы салаларының бірі ретінде туризмге ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл орайда туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру қажет.  

Айта кетейік, Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны биыл 42,1 мың бірлікті құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,2% көп.


Back to the list