04.08.2017
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шипажайлық-курорттық нысандарымен және көрікті жерлерімен танысты.
Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев 2017 жылғы сәуір-шілде аралығында жүргізілген «Щучинск - Бурабай» автокөлік жолының 16-18 шақырым учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жүргізілген реконструкциялау жұмыстары туралы және жалпы өңір жолдарын жөндеу бойынша алдағы жоспарлар туралы есеппен таныстырды.
Айта кетейік, ЩБКА дамытудың негізгі базалық құжаты - халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2020 жылға дейінгі жүйелік жоспары. Жоспар инвестициялауға қолайлы 5 негізгі аймақты дамытуды қарастырады. Олардың қатарында Шабақты көліндегі жаппай демалыс аймағы, Шортанды көліндегі премиум санаттағы туризм аймағы, Қатаркөл көліндегі балаларды сауықтыру туризмі мен ат спорты орталығы, Сарыбұлақ кентіндегі экоауыл, сондай-ақ Жөкей көліндегі кемпинг бар.