• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Е.Сағадиев  ҰБТ мен  кешендік  тестілеудің  қорытындысын   айтты 01.08.2017

Е. Сағадиев айтып өткендей,  жалпы ҰБТ-ға 88 595 адам қатысты, бұл өтінім бергендердің 95% құрады.

«Тестілеу қорытындысына сәйкес республика бойынша орташа балл 140-тың 80,5-ін құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 125-тің 81-ін құраған болатын. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 74 517 түлек асты, бұл 84%-ды құрады», - деді ол.

Кешендік тестілеу 17-23 шілде аралығында жоғарғы оқу орындарының 48 пунктінде өтті.

«Оған қатысуға 54 649 өтінім берілді, іс жүзінде тестілеуге 50 416 адам қатысты. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 21 078 адам немесе түлектердің жалпы санының 42% асты», - деді министр.

Межелік деңгейден өтпегендер тестілеуден қайтадан өте алады.

Айта кету керек, ҰБТ-ның мазмұндық бөлімінде логикалық ойлау деңгейін, базалық құзыретті және әрі қарай оқуға деген қабілеттілікті, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға бағдарланған тестілер болды.

«Бұдан өзге, биыл алғаш рет тестілеудің онлайн-таратылымы іске қосылды. Бұл барлық ниет білдіргендерге Қазақстанның кез-келген жерінен тестілеу үдерісін бақылауға мүмкіндік берді, - деді министр.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында, ал тестілеу – 19-24 тамыз аралығында өтеді.

 Межелік деңгейден екінші ретте де өтпей қалған жағдайда ЖОО-ға бір семестрге ақылы негізде оқуға мүмкіндік беріледі.  

Ақбота Күзекбай 


Back to the list