25.07.2017
АШМ басшысы айтып өткендей, ауыл шаруашылығының тиімділігі аграрлық қайта өңдеуге байланысты. Себебі ол ауылшаруашылық өнімдерге сұраныс туғызып, оның қосымша құнын арттыра түседі.
«Осыны баса айтқан Вице-премьер өз сөзінде аграрлық қайта өңдеуді дамытудың экономиканың үшінші модернизациясының жобалық шеңбері аясында 5,3% көлемінде АӨК-тің жалпы өнімнің орташа өсім ырғағын қамтамасыз ететінін атап өтті. Яғни, оның жалпы өнім өсіміне орташа жылдық үлесі 50%-ды құрамақ. Мұның өзінде ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу үдерісі өсімдік шаруашылығы өндірісін 1,4%-ға, ал мал шаруашылығын 1,2%-ға арттырады», - деді А.Мырзахметов.
Сондай-ақ, АШМ тарапынан ауылшарушалық өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың әлеуеті мен басымдықтарын анықтау үшін танымал ғалымдар мен қайта өңдеуші кәсіпорындар мамандары, «Атамекен» ҰКП және облыстық әкімдіктер өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылды.
«Соңғы 4 айдың көлемінде кең ауқымды талдама жұмыстары жүргізіліп, ел аумағындағы барлық дерлік кәсіпорындардың анкеталары жасалып, ағымдағы мүмкіншіліктері зерттеп зерделеуден өтті. Осының негізінде олардың өндірістік ахуалы, қуаттылық деңгейі, енгізілу жылы, құрал-жабдық түрі, жүктелім мен шығарылатын өнім көлемі сынды тармақтары көрсетілген мәліметтер базасы әзірленді», - деді ол.
Бүгінгі таңда қолда бар мәліметтерге қарағанда, республика бойынша 1 345 белсенді қайта өңдеу кәсіпорыны бар.
Ақбота Күзекбай