• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2018  жылы мемлекеттік қызметкерлерге жалақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі (ФОТО) 20.07.2017

Айгүл  Шаимова хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбек нәтижесіне байланысты жалақы төлеуге көшу жоспарлануда.

«Еңбек өтілімін ғана ескеретін қолданыстағы жалақы төлеу жүйесінен гөрі  жаңа жүйе мемлекеттік қызметкердің өзінің жұмыс істейтін мекемесінің жұмысына қосқан үлесіне байланысты болады. Қазіргі таңда біз әдістемесін жасақтадық және оның пилоттық қолданылуы келер жылға жоспарлануда», - деп хабарлады төраға орынбасары.

Ендігі кезекті жалақы екі бөліктен тұрады – тұрақты және айнымалы.

«Тұрақты бөлік қызметкердің қызметіне байланысты болады. Одан басқа айнымалы бөлігі болады. Мұнда бонустар болады. Алдын ала жоба бойынша бонустар жылына бір рет төленеді. Әрине, егер мемлекеттік қызметкер нақты бір нәтижеге қол жеткізсе. Қызметкремен жеке жоспар жасалады. Жеке жоспар аясында оның алдына нақты міндет қойылады, егер ол жақсы баға алатын болса оған бонус төленеді», - деп түсіндірді ол.

Осы ретте, Айгүл Шаимова хабарлағандай, бонустарды барлығы ала бермейді, тек «тиімділер» ғана.

«Неге біз жалақыны төлеу барысында дифференция болатыны туралы айтамыз, себебі бонустарды тек үздік, тиімді қызметкерлер алады», - деді спикер.

Оның айтуныша, агенттік қызметкерлердің қызметін бағалаудың өзіндік жүйесін енгіздік. Егер жұмысшы нәтижеге қол жеткізсе ол қосымша ақы алады.  

«Бұл адамды жігерлендіретін жақсы фактор. Оның көлемі шамамен 100 мың теңге. Мәселен, жас қызметкердің жалақысы 158 мың болса, ол 258 мың теңге алатын болады», - деп мысал келтірді Айгүл Шаимова.

Бүгінде пилоттық апробация үш мемлекеттік органда жоспарлануда: агенттіктің өзінде, Әділет министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінде.

Ақбота Күзекбай

Фото Арман Мұхатов


Back to the list