• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Еуразиялық кинофестивальді  голливудтық жұлдыздар ашады - министр 19.07.2017

Министр еске салып кеткендей, Еуразиялық кинофестиваль Астанада 22 маусымда «Қазақстан» орталық концерт залында ашылады.  

«Еуразиялық кинофестивальдің ашылуына А санатындағы әлемдік жұлдыздар Николас Кейдж, Эдриан  Броуди, Джон Малкович және өзгеде танымал жұлдыздар келеді.  Егер, бұған дейін келген әлемдік жұлдыздар спорттық стильді ұстанатын болса, аталмыш актерлар зияткерлік жағынан болып келеді», - деді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлағандай, 23 шілдеде кинофестиваль аясында балалар кинофестивалі ашылады.  

«Бастысы кинофестиваль аясында шеберлік сыныптары жүргізіледі, барлық шақырылған қонақтар алғаш рет шеберлік сыныптарын жүргізеді.  Ал,  23 шілдеде Оқушылар сарайында танымал актер Николас Кейдж балалар кинофестивалін ашады. Өкінішке орай бізде балалар киносына көңіл аз бөлінеді, сондықтан назарды осы салаға аударсақ деп едік», - деп түйді ведомство басшысы.

Бұған дейін, министр «Мәңгілік Ел» кешенді жоспары аясында шығарылатын 28 көркем және деректі фильм туралы ескерткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, баспасөз конференциясында Арыстанбек Мухамедиұлы ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Қазақстанның сакралды картасының» алғашқы данасы таныстырылатынын хабарлады.

Ақбота Күзекбай


Back to the list