19.07.2017
« Елдің тарихы мен мәдениеті туралы кино мен тележобаларды түсіру бойынша «Мәңгілік ел» Кешендік жоспары жүзеге асырылып жатыр. Жоспар аясында Тәуелсіздіктің мерейтойына орай 26 кинокартина таныстырылды. Бұл 9 көркем, 9 деректі, 7 дебюттік және 1 анимациялық фильм», - деді министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып өткендей, аталмыш картиналар халықаралық нарыққа бейімделген және қазақстандық, шетелдік көрерменнің қолпашына ие болды.
«Бүгін өндірісте 28 көркем және деректі фильм бар, олардың ішінде тарихи туындылардың жалғасы ретінде «Елбасы жолы. Астана», «Томирис», «Бейбарыс Сұлтан», «Қазақ елі» сериалы, және өзге 15 көркем, 10 деректі, 2 анимациялық фильм мен 1 дебюттік фильм бар», - деді А.Мұхамедиұлы.
Оның айтуынша, ведомство Мемлекет басшысының рухани жаңғырту бағдарламасы аясында арнайы жобаларды жүзеге асыруға кірісті.
Айта кетейік, А.Мұхамедиұлы Ұлт жоспары аясында мәдени орталықтар мен музейлердің жұмысы туралы айтып берді.
Ақбота Күзекбай