• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
А. Мұхамедиұлы Ұлт жоспары аясында музейлер мен мәдени орталықтардың жұмысы туралы айтып берді 19.07.2017

«ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша Мәдени саясат тұжырымдамасын жаңарту осы реформаның басымдықтарының біріне айналды. Біз саланы дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығардық және бар ресурстарды жаңарттық», - деді өз сөзінде А. Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, мәдениет ұйымдарының меншік нысаны республикалық мемлекеттік мекемелерден республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға өзгерген.

«Осылайша, 15 республикалық музей мен музей-қорықтар РМҚК болып қайта құрылды. Енді музейлер мен музей-қорықтар орта есеппен 10%-ға дейін табыс табу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе, себебі, өздеріңіз білетіндей, Луврға да, Эрмитажға да, сондай-ақ басқа да жетекші музейлерге кіру ақылы болып табылады. Тек Қазақстанда ғана кіру тегін болған, алайда, біз бұған сараланған жолмен қараймыз. Мысалы, балалар үшін немесе 1 қыркүйекте кіру тегін, ал басқа күндері біз ақылы қызметтер көрсетеміз», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, барлық орталық музейлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензиялар алды, бұл оларға археологиялық, этнографиялық және басқа ғылыммен айналысуға мүмкіндік береді.  

«Барлық жетекші музейлерде әр түрлі мультимедиялық құралдар енгізілген. Озық еуропалық елдердің тәжірибесі бойынша халық арасында танымал «Музейдегі түн» жыл сайынғы акциясы іске қосылды. Соңғы рет «Музейдегі түн» акциясына 12 мың адам қатысқан», - деп атап өтті спикер.  

Арыстанбек Мұхамедиұлының хабарлауынша, мәдениет және өнер саласы өкілдерінің қатысуымен 13 бағыт бойынша көркемөнер кеңестері құрылған.

«Олардың жұмыстарының арқасында саланың бірыңғай репертуарлық саясаты құрылды. Мәдениет және өнер саласында бірыңғай білім беру кеңістігі қалыптасты. Шығармашылық оқу орындары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына берілгенін атап өткім келеді. Бұл бізге дуалды оқыту жүйесін сәтті енгізуге мүмкіндік беріп отыр», - деп қосты министр.

Еске сала кетейік, бүгін баспасөз конференциясы барысында дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев ведомство Ұлт жоспарын іске асыру бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өткен болатын.   

Ақбота Күзекбай


Back to the list