• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
87 қадам толығымен жүзеге асырылды – Н.Ермекбаев 19.07.2017

«Бұл мақсаттағы жұмыстар түрлі бағытта жүргізілді. Біріншіден, 2016 жылы «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жасақталды. Ол мемлекеттік тапсырысты жасақтау және бағалау барысында азаматтардың қатысуын көздейді. Екіншіден, бұқараның ұсыныстарын ескере отырып ҮЕҰ үшін гранттарды бөлу ережесін жетілдірудеміз», - деп атап өтті  министр.  

Нұрлан Ермекбаев хабарлағандай, жаңа ережеге сәйкес гранттарды бөлу жеңілдетіледі.

«Сараптамалық комиссияны құру ереже жеке жазылады,  Сарапшылар реестрі бойынша ережелер енгізіледі. Сонымен қатар, гранттар бағыты мен гранттық қаржыландыру операторлар қорын жасақтайтын көз кеңейтіледі. Бүгінде ол тек біздің бюджет есебіне толыға алады. Болашақта біз бұл тұрғыда әкімдіктер мен өзгеде министрліктерді тартуға ниеттіміз», - деді Н. Ермекбаев.

Сонымен қатар, ведомство гранттар негізінде ҮЕҰ-мен жобалық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.  

«Гранттық қаржыландыру енгізілгеннен кейін біз қадр мен ҮЕҰ материалдық ресурсын нығайтуға мүмкіндік алдық. Бұған дейін ҮЕҰ ынтымақтастықмемлекеттік тапсырыс бойынша тек олардың қызметін төлеуге ғана мүмкіндік беретін. 2016 жылы грант бойынша жалпы сомасы 208 млн теңгеге 11 жобаны жүзеге асырдық. Барлық жобалар іс жүзінде қолданысқа ие болады», - деп толықтырды ол.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша 2017 жылы гранттық қаржыландыру 3 есеге 588 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.  

Бұдан басқа, гранттық қаржыландыру аясында «Алаш» ұлттық қозғалысының 100-жылдығына орай арнайы жоба жүзеге асырылды.

«Жалпы, біз ҮЕҰ-мен және бизнеспен  аталмыш бағытта ынтымақтастықтың дамуын көріп отырмыз», - деді министр.

Ведомствода мәліметтер базасы аясында жетілдіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

«Осылайша үкімет Ұлт жоспарының 87-қадамын толығымен орындады», - деп түйді министр Нұрлан Ермекбаев.

Ақбота Күзекбай


Back to the list