• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Орта есептік  жалақы  140,8 мың теңгеге дейін  өсті – ҰЭМ 18.07.2017

«Жыл басынан бері теңгені нығайту  әсерінен  инфляцияның бәсеңдеуі байқалды. Маусым айында жылдық инфляция  9,8 пайыздан  7,5 пайызға дейін қысқарды. Қаңтар-шілде айында  орта есептік  жалақы  1,9 пайызға өсіп,  140,8 мың теңгені құрады. Жұмыссыздық деңгейі маусым айында  4,9 пайыз деңгейінде сақталды», - деді министр.

2016 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда,ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кредиттер негізінен өнеркәсіпті кредиттеудің 11,3%-ға, ауыл шаруашылығын кредиттеудің 4%-ға ұлғаюы есебінен 1,4%-ға (12,6 трлн. теңгеге дейін) өсті.

«Банктер кредиттердің шетелдік валютамен берілуін қысқартып, банктік емес заңды және жеке тұлғалар үшін ұлттық валютадағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттер беруді көбейтті, бұл ішінара банктер мен қарыз алушылар үшін девальвациялық тәуекелдерді төмендетеді», - деді ол.

Депозиттер 7,3%-ға 17,7 трлн. теңгеге дейін (2016жылғы 1 маусыммен салыстырғанда) өсті.

«Елдің халықаралық резервтері ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 62,1 млрд. АҚШ долларынқұрайтын Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда және ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта 1,9%-ға ұлғайды және 92,4 млрд. АҚШ долларын құрады», - деді Т.Сүлейменов.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list