• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның ЖІӨ-сі 6 айда  4,2 пайызға өсті 18.07.2017

Ведомство басшысы айтып өткендей, экономика өндірісіне  түскен түсім  2,6 пайызды, қызмет өндіру – 1,3 пайызды,  азық-түлікке салық 0,3 пайызды құрады.

«Экономика өсімінің  қозғаушы күші – өнеркәсіп – 7,8 пайызға,  құрылыс – 5,9 пайызға,  ауыл шаруашылығы – 3,1 пайызға, көлік  және қаттау – 3,9 пайызға, сауда – 2,4 пайызға өсті. Аталмыш салалар қысқамерзімді экономикалық  индикаторды  алғашқы жарты жылдықта  5,8  пайызға  арттырды», - деді Т.Сүлейменов.

Мұнай өндіру  көлемі  9,7 пайызға, темір рудасы – 8,5 пайызға, көмір  16,5 пайызға өсті.

Министр айтып өткендей, елдің барлық өңірлерінде  ауыл шаруашылығы саласында  өсім байқалып жатыр.

«Үкімет  АӨК-ні дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында   АӨК-ні қолдау бойынша  қабылдап жатқан  шаралар ауыл шаруашылығы саласында тауар  өндіруді  3,1 пайызға арттырды», - деді Т.Сүлейменов.

Т.Сүлейменов айтып өткендей,  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы  белсенді  құрылыс нәтижесінде  тұрғын үйлерді пайдалануға беру  11 пайызға артты.

Ақбота Күзекбай


Back to the list