• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкіметте экономиканың базалық салаларын цифрландыру мәселелері талқыланды 14.07.2017

Кеңес барысында АӨК электронды саудасын дамыту, кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру және электронды мағлұмдауға ауысу, ШОБ негізгі қызметін цифрландыруға ынталандыру, сонымен қатар энергетика саласында жобаларды құрып, енгізу мәселелері талқыланды. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, ҚР энергетика министрі Қ.Бозымбаев, ҚР қаржы министрі Б.Сұлтанов, ҚР ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов мемлекеттік органдардың жұмыстың цифрлық форматына ауысуына байланысты тәсілдері туралы баяндады. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Back to the list