• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекет   азық-түлік тауарларының құнын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдап жатыр 11.07.2017

«Ұлттық экономика министрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  мемлекеттік бақылауын  қамтамасыз ететін  заң  жобасын әзірледі. Оны әзірлеу кезінде өндірушілер мен тұтынушылардың, сауда желілерінің  қызығушылық балансын сақтау керек», - деді министр.

Т.Сүлейменов айтып өткендей, бүгінде заң жобасы дайын, ол бойынша жұмыс бекітілген  заңнамалық тәртіп бойынша жүргізілуде.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  бағасын сапалы   төмендету  азық-түлік тауарларының  тауар айналымы  көлемінде заманауи стандарттар мен үлесті  кеңейту  болып  табылуы мүмкін.  Біз жүргізген сараптама  негізінде  ең төмен бағалар гипермаркет пен супермаркетте екенін байқадық. Атап айтсақ,  «Магнум», «Кеңмарт», «Астықжан»  бағалары  нарыққа қарағанда  10-15 пайызға төмен, ал үй маңындағы дүкендерден  40-50 пайызға арзан. Олардың еңбек өнімділігі мен тауар айналымы жоғары болып отыр. Сондай-ақ, олар бірыңғай баға саясатын жүргізе алады», - деді Тимур Сүлейменов.

Осы орайда министрлік Бизнестің  жол картасы аясында сауданың заманауи форматын қолдау шараларының мүмкіндігін  кеңейтуді қарастырады.

Осыған дейін   Т.Сүлейменов маусым айының соңына қарай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда 7%-ға ұлғайғандығын айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай


Back to the list