11.07.2017
«Маусымның соңына қарай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда 7%-ға ұлғайды. Бұл инфляция деңгейінен екі есе немесе азық-түлік тауары инфляциясынан 1,4 есе асып түсті деуге болады», - деді Т.Сүлейменов.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан инфляция деңгейі 3,7% (жылдық -7,5%) құрады.
«Жыл басынан бері пияз - 81,1 %-ға, картоп - 74,9 %-ға, қырыққабат - 61,2%-ға, сәбіз - 38,1%-ға, сиыр еті - 10,7%-ға қымбаттағаны байқалады», - деп ведомство басшысы нақты сандар келтірді.
Алайда кейбір азық-түлік түрлерінің бағасы төмендеген, мәселен, жұмыртқа- 26,9%-ға, қарақұмық - 19,7%-ға, күнбағыс майы - 7,6%-ға, қант - 1,3%-ға арзандаған.
«Соңғы үш жылғы сараптамаға сүйенетін болсақ, алғаш рет ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында әлеуметтік маңызы бар тауралардың айтарлықтай қымбаттауы тіркелген», - деп толықтырды министр.
Сараптама көрсетіп отырғандай, пияз, картоп, сәбіз бен қырыққабат қымбаттауға бейім.
Ақбота Күзекбай