• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның медұйымдары 2019 жылдан бастап қағазсыз жұмыс істейтін болады 11.07.2017

Ведомство басшысы атап өткендей, бүгінде аймақтардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері медициналық ақпараттық технологияны енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.  

«Алайда кейбір аймақтарда қамтылу деңгейі өте төмен – Шығыс Қазақстан, Жамбыл мен Қостанай облыстарында және Астана қаласында да. 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша еліміздегі медициналық мекемелерді компьютермен қамту орташа есеппен 74% құрады. Яғни, жыл басынан екі есе артты. Осыған қарамастан республикалық деңгейден төмен пайыздарда бар – олар ОҚО, ШҚО мен Жамбыл облысында. Денсаулық сақтау министрлігі аймақтармен бірлесіп жол картасын бекітті. Әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін ақпараттық технологияларды толығымен енгізуді жоспарлар отыр», - деп хабарлады Е. Біртанов.

Айта кетерлік жайт, бұл істе аймақтардың интернетпен толығымен қамтылмауы кедергі тудыруда.

«Орташа есеппен республика бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің интернетпен қамтылуы 53% құрауда.  СҚО, ШҚО, Ақмола мен Қостанай облыстарында интернетпен қамтылу көрсеткіші ең төмен. Алайда қалалық, облыстық және аудандық ауруханалар желімен толық қамтылған. Басты мәселе ауылдық жерлер, онда интернетке қосылу және техникалық қамтамасыз етілумен шешімін таппаған мәселелер жетірлік. Осы ретте, Денсаулық сақтау министрлігі Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының шалғайдағы елді мекендерін талшықтық-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз ету жобасы үшін арнайы мекемелердің тізімі жасақталды», - деп толықтырды министр.

Е. Біртановтың айтуынша,  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық медициналық мекемелер электронды жұмыс форматына көшіріледі.

«Біз аталмыш жоба аясында барлық елді мекендер 2019 жылдың басына дейін барынша интернетпен қамтылса деп едік. Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық медициналық мекемелер қағазсыз жұмыс істей бастайды, электрондық амбулаториялық карталар жасалады, стационарлық ауру тарихы мен дәрінің рецепті электронды форматта беріледі», - деді ведомство басшысы.         

Сонымен қатар, министрліктің хабарлауынша электрондық денсаулық паспорты, пациенттің жеке кабинеті мен дәрігердің жеке кабинеті жасақталады.

«Электронды паспорттың табысты жүзеге асырылуы үшін әр медициналық мекеме өзінде тіркелген пациент туралы толыққанды, әрі дұрыс ақпаратты беруі тиіс. Сонымен қатар компьютерлік техникамен және медициналық ақпараттық жүйкемен қамтамасыз етілуі тиіс», - деп толықтырды  Елжан Біртанов.

Атап өтер болсақ, бүгінде медициналық ақпараттық жүйемен Қазақстан Республикасы бойынша медициналық мекемелердің 45% қамтылған.

Ақбота Күзекбай


Back to the list