04.07.2017
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Б. Шолпанқұлов жаңа терминал тұрғызылған Астананың халықаралық әуежайын мысалға келтірді.
«Құрылыс аяқталғаннан кейін, әуежай құны ұлғайтылды. Оны сол кезде сатқан дұрыс болар ма еді, әлде бағаның өскенін күту керек пе? Бәрі де түсінікті деп ойлаймын», - деді спикер.
Primeminister.kz хабарлағандай, қазіргі таңда ірі компанияларды өткізу үшін сату алдындағы дайындық жұмыстары, бағалау, әлеуетті инвесторларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаржылық аудит үшін тәуелсіз консультанттар тартылды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 17 ірі компаниясын өткізу жұмыстары жоспарға сәйкес 2019-2020 жылдары жүзеге асырылады.