• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кешенді жоспар нысандарының негізгі бөлігі  биыл  жүзеге асырылады 04.07.2017

Primeminister.kz хабарлағандай,  ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мемлекеттік және коммуникациялық меншіктегі кәсіпорындар мен ірі компанияларды өткізу жоспары туралы баяндады, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ нысандарын жекешелендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өз кезегінде, ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысандарын сатуды жылдамдату бойынша қолданылған шаралардың аралық нәтижелері және бекітілген кестелер аясындағы алдағы міндеттер туралы баяндады.

«Қолданылған шаралар жекешелендіру үдерісін жандандыруға мүмкіндік берді, және Кешенді жоспар нысандарының негізгі бөлігі (80% астамы) ағымдағы жылы өткізіледі. Жалпы, Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру бойынша іс-шараларды уақытылы және табысты орындау үшін барлық алғышарттар жасалған», - деді Б. Сұлтанов.  

Отырыс аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Ө. Шүкеев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Е. Досаев, «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Н. Мәлелов жекешелендіру барысы туралы баяндамаларын оқыды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен холдингтердің басшыларына нысандарды сату кестесін сақтауды және оларды белгіленген мерзімдерде өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысының мемлекеттік меншікте қалатын нысандары тізімін дайындау туралы тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты барынша қысқа мерзімде аяқтау қажет. Ұлттық экономика, қаржы және әділет министрліктеріне аталған тізімді бекіту мәселесін пысықтау керек.

Аталған тапсырмаларды орындауды бақылау ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.

 

 


Back to the list