• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәселесі бойынша отырыс өткізді 28.06.2017

Отырыс барысында көрмеге келу көрсеткіші және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық павильондарында орналастырылған жаңа технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігі қарастырылды.  

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов бүгін көрменің 18-ші күні өтіп жатқанын, және қатысуын растаған барлық 115 ел мен 22 халықаралық ұйым павильондардың жұмысын қамтамасыз еткенін баяндады.

Халықаралық көрмелер бюросы осындай қысқа мерзімде барлық павильондардың жұмысқа кіріскені алғашқы жағдай екенін атап өтті.

А. Есімовтің мәліметінше, көрмені ашылғаннан бастап 400 мыңнан астам адам аралаған, бір күнде көрмеге келушілердің орташа саны – 24 мың адам.

 


Back to the list