21.06.2017
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей мен ТМД елдері бойынша «JPMorgan Chase» басқарушы директоры, аға атқарушы офицері Ян Тавровскиймен қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында қазынашылық операциялар саласындағы қызметтер мен инвестициялық банкингті дамыту, «JPMorgan Chase» қызметінің қазіргі жағдайы мен Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары қаралды.
Я. Тавровский Үкіметте қабылданып жатқан шаралар, солардың ішінде, жекешелендіру үдерісі қазақстандық нарықтың инвестициялар салуга тартымдылығын арттыруға оң әсер етіп жатқанын айтып өтті.
Бұдан өзге, тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Polpharma S.A. компаниясының қадағалау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Е. Старак Polpharma S.A. компаниясының Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары туралы айтты. Тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен оған қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Шеврон» атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Теңіз кен орнын кеңейту жобасы талқыланды. Тараптар аталған жоба Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, сондай-ақ ТШО-ның барлық серіктестеріне оң мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.