• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана халықаралық әуежайына  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  есімі берілді 21.06.2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі

Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы

 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.

 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

Айта кетейік,  ҚР Парламентінің депутаттары астаналық әуежай мен елордаға   Елбасының   есімін беруді ұсынған болатын.


Back to the list