• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев АЭФ аясында бірқатар кездесулер  өткізді 16.06.2017

Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «McKinsey & Company» өкілдерімен экономиканы цифрландыру және қаржы секторында, металлургия және тау-кен игеру өнеркәсібі салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізді.  

Жаңғырту 3.0 аясында әзірленіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «JPMorgan Chase International» төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті.Сұхбаттың басты тақырыбы қаржы секторындағы ынтымақтастық, сонымен қатар экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге қажетті қаржы тетіктері мәселелері болды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде «The Boston Consulting Group» компаниясының Төрағасы Ханс-Пол Бюркнермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының жобасы аясында экономиканы әртараптандыру және цифрландыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, цифрлық форматқа көшуге бизнесті тарту арқылы жеке секторды дамыту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Францияның экс-Премьер-Министрі Франсуа Фийонмен сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Екі тарап Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын, сонымен қатар Қазақстан-Франция іскерлік кеңесі аясында бизнес өкілдері кездесулерінің тиімділігін талқылады.

Сондай-ақ,  Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Украина Премьер-Министрінің орынбасары – өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрі Геннадий Зубкомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың алдағы перспективалары, сондай-ақ Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Мемлекетаралық комиссияның өткен отырысының қорытындылары талқыланды.

Еске сала кетейік, елордада «Жаңа энергия – жаңа экономика» тақырыбында Х Астана экономикалық форумы өткізіліп жатыр. АЭФ-2017 аясында барлығы шамамен 20 панельдік сессия жоспарланған, бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.

 


Back to the list