• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда кәсіподақтарда 3 млн жұмыскер тіркелген 13.06.2017

Қазақстанда кәсіподақтардың екі республикалық бірлестігі бар, онда 3 млн астам жұмыскер тіркелген. Бұл еліміздің барлық жалдамалы жұмыскерлерінің шамамен 50%. Бұдан өзге, 38 салалық, 23 аумақтық және 404 жергілікті кәсіподақ бірлестігі бар.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов Федерацияда бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық жұмыскер барын жеткізді. Әсіресе ҚР Еңбек кодексі қабылданғаннан кейін жұмыскерлер Федерация қатарына белсенді қосыла бастаған. Жыл сайын олардың мүшелерінің саны 70 мыңға дейін артып келеді.  

«Проблемалы құбылыстар бар жерлерде кәсіподақтар құру қажет. Бұл ең алдымен Еңбек кодексіне қатысты барлық мәселелер бойынша өз-өзін қорғай алатын ұжым», - деп есептейді Ә. Құсайынов.


Back to the list