• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ағымдағы жылы шамамен 21 млн га егін алқабын игеру жоспарлануда 16.05.2017

Егін егу науқаны барысында жеңілдетілген  дизелді отынды жеткізу бойынша ешқандай мәселе жоқ. Қолайсыз ауа-райыда бөгет болып жатқан жоқ, деп атап өтті вице-министр.

Ағымдағы жылы шамамен 21 млн га егін егу алқабын игеру көзделген, оның ішінде 15 млн га дәнді дақылдар егілетін болады. Бұл жолы да дәстүр бойынша бидайға басымдылық берілді.

«Бүгінде 375 мың тонна дизелді отынның 350 мың тоннасына аймақтар төлеп қойды. Шамамен 270 мың тоннасы жөнелтілді. Алып кету және төлеу бойынша жұмыстар жақсы жүруде. Бекітілген мерзім ішінде көктемгі егін егу жұмыстары ақталады деген сенімдемін», – деді  Т.Рахымбеков.

Қазақстанда дәнді дақылдардан басқа жүгері, күріш, майлы дақылдар, көпжылдық шөптер, картоп, көкеністер, бақша дақылдары, қант қызылшасы мен мақта отырғызылады. 


Back to the list