16.05.2017
«Бүгінгі таңда Қазақстанда 27 млн. мал басы тіркелген, олардың ішінде 6,5 млн. бас ІҚМ, 18,1 млн. бас ұсақ мал, 2,2 млн. бас жылқы, 177,6 мың бас түйе және 36,7 млн. бас құс бар. Республикадағы жалпы эпизотиялық жағдай: жануарлардың аса қауіпті ауруларының 23 ошағы тіркелді. Сонымен қатар, вирустық диарея және эпизотиялық лимфангит аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай бірқалыпты», - деді Қ. Айтуғанов.
Вице-министр атап өткендей, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі арасында қадамдық іс шаралар жоспары бекітілген болатын.
«2017 жылдың ветеринариялық-профилактикалық іс шараларына сәйкес 17 аса қауіпты ауруларға қарсы 149 млн малға екпе егу жоспарланған. Сонымен қатар, жануарлардың қауіпті ауруларына сәйкес 70 млн. диагностикалық тексеру жоспарланды», -деп хабарлады ведомство өкілі.
Ол хабарлағандай, сібір жарасы көміндісінің орындарын құру және орнықтыру мәселесі қаралды.
«2016 жылы Республика бойынша жануарлар арасында сібір жарасының 5 ошағы тіркелді. Осыған байланысты сібір жарасының көмінділерін құру бойынша көптеген іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі таңда 2261 көмінді анықталған, олардың 50-і эпидемиологиялық ошақ (адам ауырған) және 20 орны шекаралардың демаркация аумағында. Қоршауға жатқызылатын және айырмашылық белгілері болатын 2191 көміндінің 2105-і (96%) қоршауға алынған, 2183 (99,6%) көміндінің айырмашылық белгілері бар. Мемлекеттік жер кадастрінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 2104 көмінді енгізілді», - деді Қ. Айтуғанов.
Сонымен қатар, вице-министр сендіргендей, АӨК-ті 2017-2021 жылдарға дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаның аясында ЖАО құзыретіне жануарлардың бірдейлендіру құралдарын сатып алу функцияларын беру, ветеринариялық ұйымдарға бекітілген ветеринариялық талаптарды әкімдікпен құру және әкімдіктердің ветбөлімшелеріне қызметтік тиімділігін бағалау жүйесін енгізу және ветеринарлық қызметіне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бекіту жоспарлануда.
Қайрат Жандыбаев