• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Т.Дүйсенова мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру жұмысы туралы айтып берді 16.05.2017

«Мүгедек адамдарға өмірлік маңызды қызметтер ұсынатын 36 мың әлеуметтік маңызды объект анықталды. Оның 18,4 мыңы қолжетімсіз деп танылған. Емхана, аурухана, мектептер мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бейімделу деңгейі 62,4 %-ға жетеді. Көлік инфрақұрылымына қолжетімділік деңгейі 50 %-дан кем. Қазақстанда осы проблеманы шешу үшін әлеуметтік такси қызметтері белсенді дамытылып жатыр. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа енгізудің арқасында таксопарктер саны соңғы екі жыл ішінде 8 есе өскен (11-ден 89-ға дейін). Жыл сайын әлеуметтік таксопарктер 27 мыңнан астам мүгедек адамға қызмет көрсетеді», - деп ақпараттандырды Т. Дүйсенова.

Сондай-ақ, ол 16 мыңнан астам мүгедек адам мүгедектігі бар білім алушылар мен жұмысшылар үшін ыммен сөйлеу маманы мен жеке көмекші қызметтерін алғанын да атап өтті. Қабылданған шаралар мүгедектер үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымың ішінара қолжетімді объектілерінің 20 %-дан 62,4 %-ға дейін ұлғаюын қамтамасыз етті.

«2016 жылы есту қабілеті бұзылған 4,4 мыңнан астам бала анықталды және оларға қатысты ерте медициналық тексеріп-қарау шаралары қабылданды. Мүгедек балалардың жалпы саны 79 мыңды құрайды және өкінішке орай, айтарлықтай жоғары болып қалуда. Статистика мәліметі бойынша зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істеп жүрген 400-ге жуық адам мүгедектікке әкелуі мүмкін кәсіптік аурулар мен жарақаттану қаупі жоғары аймақта орналасқан», - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, министр мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасы қайта қаралғанын хабарлады.

«Егер ол бұрын барлығы үшін 3 % құраса, қазір ол жұмысшылардың саны және салалар бойынша 2%-дан 4 %-ға дейін сараланған. Мүмкіндігі шектеулі 460 қазақстандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істейді, 141  - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер атауының 22 түрін өндіріп, ұсынатын қоғамдық бірлестік пен ұйымдар. Біріншіден, МЖӘ механизмдерін кеңінен қолдану есебінен қызметті монополиясыздандыру. Бүгінде арнайы әлеуметтік қызметтерді 110 интернат үйімен қатар, дәл сонша жеке меншік ұйымы мен үкіметтік емес ұйым көрсетеді. Олар әлеуметтік қызметке мұқтаж 6 мыңнан астам адамды қамтиды, олар үшін 60 жаңа интернат-үйлер салу қажет. Психоневрологиялық патологиялары бар балалар арасындағы кезек күту жойылды. Интернат үйлеріндегі 626 бала отбасыларына қайтарылып (немесе 6 интернат-үй босатылды), интернат-үйлердің күндізгі бөлімшелерінде немесе жеке әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет алуда», - деді Т. Дүйсенова.

Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі балалардың 43%-ға жуығы инклюзивті білім берумен қамтылғанын да айтып өтті.

«495 мектепке дейінгі ұйымда, 3 289 мектепте (45,1 мың адам), 163 колледжде (2,4 мың адам), 5 ЖОО-да (374 адам) инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған. Елімізде 97 түзеу мектебі және жалпы білім беру мектептерінің жанындағы 1 155 арнайы сыныптар, 42 арнайы балабақша және мектепке дейінгі ұйымдарда 193 арнайы топтар жұмыс істейді», - деп атап өтті министр.

Оның хабарлауынша, Қазақстанда Үкіметтің жанынан Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі құрылған, оның құрамына 16 мүгедек немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының 64%-ы кіреді.

«2016 жылы елде 35 мүгедек облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары болып сайланды. Барлық облыстарда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтауға қатысты мәселелерді қарап, олар бойынша шешім қабылдайтын жергілікті деңгейдегі Мүгедектердің істері жөніндегі кеңестер құрылған. Облыс, қала, аудан әкімдерінің мүгедектер істері жөніндегі 37 кеңесшісі тағайындалды. ҚР Статистика комитетінің ішінара зерттеу нәтижелері бойынша мүгедектігі бар адамдардың 46,3%-ы халықтың мүгедек адамдардың проблемаларына көзқарасын оң бағалаған (2015 жылы бұл көрсеткіш небары 5 %-ды ғана құраған)», - деп түйіндеді Т. Дүйсенова.

Қайрат Жандыбаев

 


Back to the list