11.05.2017
«Қазіргі уақытта министрлік фармацевтикалық қоғам өкілдерімен бірлесіп, барлық дәрілік заттардың шекті бағаларын белгілеу және реттеу әдістемесін талқылау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Е. Біртанов.
Сондай-ақ, ол «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізу туралы мәселе де қаралып жатқанын атап өтті.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне министрліктерге барлық дәрілік заттардың бағаларын реттеу құзыретін беру бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ, ақпараттық жүйе және смартфондарға арналған тиісті қосымша әзірлей отырып, өнімнің әрбір қаптамасына бірегей штрих-кодтар жапсыру арқылы дәрілік заттарды қадағалау жүйесін енгізу мәселесі пысықталуда. Осы іс-шара 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген», - деп қорытындылады Е. Біртанов.
Қайрат Жандыбаев