11.05.2017
«Қазіргі уақытта Астанада №9 қалалық емхана базасында электрондық денсаулық паспортын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда. 2018 жылдан бастап оны Қазақстан аумағында кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған», - деп хабарлады Е.Біртанов.
Сондай-ақ, ол өңірлердің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы барлық өңірлердің жергілікті бюджеттері есебінен 16 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алу жоспарланып отырғанын атап өтті, бұл ҚР бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының компьютерлік техникамен орташа жабдықталуын 50,19% дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және жергілікті медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қажетті компьютерлік техника сатып алуды және тиісті АТ-инфрақұрылымын құруды қамтамасыз етуі тиіс», - деді Е.Біртанов.
Қайрат Жандыбаев