11.05.2017
«МӘМС енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде және медицина қызметкерлері оқытылуда. Еліміздің 11 облысында денсаулық сақтау басқармаларының базасында call-орталықтар жұмыс істеуде. Бүгінде оқу орындарының кәсіби-ұстаздар құрамын оқыту жұмыстары, медицина жұмысшылары мен науқастардың арасында ақпараттық насихаттық жұмыстар жалғастырылуда», - деді Е.Біртанов.
Сонымен қатар ол ведомствоның МІМС енгізу бойынша дайындық шаралары жалғасып жатқанын тілге тиек етті.
«Біздің алдымызда халықты МӘМС жүйесін енгізуге дайындау міндеті тұр. Бүгінде денсаулық сақтау нарығына қатысушылармен өзара жұмыс істеу механизмі түзілді», - деп атап өтті Е.Біртанов.
Қайрат Жандыбаев