• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астананы газдандыру мәселесі белсенді түрде қаралуда – Энергетика министрлігі 05.05.2017

«Жалпы, 1,8 мың км газ құбыры Қызылордадан Жезқазғанға дейін, ол жерден Қарағандыға, кейін Теміртау мен Астанаға және екінші кезеңде Көкшетау мен Петропавлға тартылуы тиіс, мұндай жоба бар. Тарифтің соңғы бағасы өте жоғары болатындықтан, бұл жоба қызу талқыға алынды. Егер көмірмен немесе сұйытылған газбен салыстыратын болсақ, бағасы айтарлықтай жоғары. Біз қазір әкімдікпен және ҚазТрансГазбен бірлесіп, осы жағдайдан шығу жолын қарастырып жатырмыз», - деді Энергетика министрлігінің басшысы. 

Бұдан бөлек, ведомство басшысы бірінші тоқсан қорытындылары бойынша мұнай өндіру мәселелерін де қозғады.

«Қаңтар-сәуір аралығында 28 млн 210 мың тонна мұнай өндірілген, бұл өткен жылы жуық шамамен 107,5% құрады. 4 млн 540 мың тонна асыра орындалды», - деп атап өтті ол.

Мұнай экспорты 23 млн 90 мың тоннаны құрады (108,6%).

«Газ өндіру 4 ай ішінде 17 млрд 630 мың текшені құрады. Көмір өндіру – 35 млн 600 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 118%-ға жуық. Көрсеткіштер жақсы», - деді ведомство басшысы. 

Қ. Бозымбаев атап өткендей, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап мұнай өндіру асыра орындалған. Сондай-ақ, ол Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру биыл жоғары көлемде қалғанын да қоса айтты.

«Бұл әлемдегі ең ірі бірегей кен орны. Бүгінде бұл жерде 140-150 мың баррель мұнай өндірілуде. Екінші жартыжылдықта Қашағанда 200 мың баррель, ал жыл соңына қарай 300 мың баррель өндіріледі деп ойлаймыз. Сондықтан, біз оны әріптестерімізбен талқылайтын боламыз», - деп қорытындылады министр.

Ақбота Күзекбай


Back to the list