10.04.2017
«Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарды еселі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысушылардың саны 80 мыңға жетті, оның ішінде 50%-дан астамы ауыл тұрғындары. Өткен айда республика бойынша ашылған және тұрақты жұмыс орындарына 31 мың адам орналастырылған. Ал, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне 20 мыңға жуық жастар тартылды», - деді Т.Дүйсенова
Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты жаппай оқыту немесе несиелендіру арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндік бере отырып жұмыспен қамту.
«Бірінші кезекте әкімдермен бірлесіп жаңадан құрылатын жұмыс орындарын анықтау бойынша жұмыстарымызды бітірдік. Аймақтарда ашылатын жұмыс орындарының саны анықталды. Елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламаларды сараптай келе 346 мың жаңа жұмыс орнын және азаматтардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты шамамен 288 мың жұмыс орны босағанын анықталды. Осылайша ағымдағы жылдың соңына дейін 634 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, бұл орындар жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін резервтік болып табылады», - деді Т.Дүйсенова.
Сонымен қатар ол хабарлағандай, аймақтарда ҰБТ-дан өтпеген оқушылардың тізімін дайындау жұмыстары аяқталып қалды. Сондай-ақ 360-тан астам білім беру мекемелері анықталып, оқытылатын мамандықтар бойынша орындар үйлестірілді.
«Оқыту ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап басталады деп жоспарланған. Ал, сәуір айынан бастап колледждер мен жұмыс берушілердің оқыту орталықтарының базасында қысқа мерзімді курстарды оқыту басталды. Аймақтардың ұсыныстарын ескере келе министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып еңбек нарығында тапшы, әрі сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды әзірлеу үшін 8 арнайы жобаны жасақтадық. Бүгінде аймақтарда 91 жоба жүзеге асырыла бастады, олар 16 мыңнан астам адамды қамтиды», - деді Т.Дүйсенова.
Министр хабарлағандай, бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлікті дамыту аясында қаржы институттары несие беру үшін талап ететін құжаттар сараптамадан өткізілді.
«Нәтижесінді ҚР АШМ жеке тұлғалар үшін құжаттар санын 30-дан 14 дейін, заңды тұлғалар үшін 9 құжатқа дейін қысқартты. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша қайтарылған қаржы есебінен Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры 260 несие берді. Ал, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ҚР АШМ жаңа бағдарламасының және ҚР ҰЭМ қаржысы есебінен микронесиелер беру жоспарланған.
Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағытын жүзеге асыру бойынша жұмыстарда басталып кетті. Оның аясында 48 мыңға жуық адам қамтылып, оның 12,5 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына, 28 мыңнан астамы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
«Азаматтардың еңбек жеделдігін арттыру мақсатында 4 аймақ халықты жіберу, 7 аймақ халықты қабылдау бойынша белгіленді. Ағымдағы жылы ішкі көші-қон квотасы мен оралмандарды есептегенде 2,7 мың адам болып бекітілді», - деді ведомство басшысы.
Министр сендіріп өткендей, барлық ұйымдастырушылық, нормативті қамтамасыз ету шешімдері, қаржы бөлу мәселелері толығымен қарастырылған.
«Ендігі кезекте жергілікті органдар халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыстарын жандандыруы тиіс. Ал, біз өз кезегімізде әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырып, жұмыс нәтижесі туралы хабардар ететін боламыз», - деп түйді Т.Дүйсенова.
Қайрат Жандыбаев