• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2017 жылы республикалық меншіктегі 30 нысан сатылады 10.04.2017

«2018 жылы 61, оның ішінде республикалық меншіктегі 4, коммуналдық меншіктегі 19, Ұлттық холдингтердің 35 және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 3 нысанын сату жоспарлануда. Аталған нысандардың  50-і Топ-65 тізіміне кіреді. Олардың 2017 жылы 29 топ нысанын, оның ішінде Ұлттық холдингтердің 21 және республикалық меншіктің  8 топ нысанын сату көзделіп отыр. Бұдан басқа, 2018 жылы 21 топ нысан сату жоспарлануда, оның 16-сы Ұлттық холдингтердің, ал 5-еуі мемлекеттік меншіктің нысаны саналады.  Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясын, оның ішінде IPO/SPO аясында 8 топ компаниясын сату жоспарланып отыр», - деп хабарлады Б.Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, 2016 жылы Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес 198 нысан 51 млрд. теңгеге саудаланды, оның ішінде республикалық меншіктегі  18 нысан 7 млрд теңгеге, коммуналдық меншіктегі 95 нысан 5 млрд теңгеге, мемлекеттік сыңайлы сектордың 85 нысаны 39 млрд теңгеге сатылды. Бұдан басқа,   202 нысан саудадан алынып тасталды, оның ішінде  126 нысан тарату, 33 нысан қайта құру кезеңінде және тағы 32 нысанды жекешелендіру тізімінен алып тастау туралы шешім қабылданды, мемлекеттік сыңайлы сектордың 11 нысаны бас компанияның құрамына сатылды.

«Дәл осы уақытқа дейін Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарды орындау қайта құрылған және таратылған нысандарды есепке ала отырып 47% құрады», - деді Б. Сұлтанов.

Сонымен қатар, ол хабарлағандай, 2019-2020 жылдары сатылуы тиіс 404 нысанның 130-ы 2017-2018 жылдар аралығында саудаланатын болады.

«Бұдан басқа, жекешелендіру жоспарын табысты жүзеге асыру, ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында қосымша интернет-ресурс  www.privatization.gov.kz сайты құрылған. Онда жекешелендіру нысандары жөнінде ақпарат ұсынылған және Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру көрсетілген. Сонымен қатар, мониторнигті қамтамасыз ету мақсатында on-line электронды мониторинг жүйесі енгізілген. Электронды мониторинг  Жол картасы бойынша шараларды сатушылардың орындау барысы көрсетіледі», - деді Б. Сұлтанов.

Министр толықтырып кеткендей,  Жекешелендіру нысандарын сату ережесіне толықтырулар енгізіліп, сауда нәтижесі бойынша  сатып алушымен электронды келісім шартқа ЭТҚ-мен отыруға мүмкін болды.

«Бұл сатып алу-сауда  келісім шартын жасау тәртібін жеңілдетіп, сатушымен кездесулерді азайтады», - деп сендірді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауында 2018 жылдың соңына дейін Жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруды тәмәмдауды тапсырды.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list