• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2017 жылы 280 ұйым жекешелендіріледі 10.04.2017

«2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір нысанды өткізу бойынша жол карталары әзірленіп, кестелері қайта бекітілді. Нәтижесінде, 2017 жылы – 280 ұйым, 2018 жылы 84 ұйым сатылымға қойылатын болады», - деп хабарлады Т. Сүлейменов.

Сондай-ақ, министр Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда жетекші 64 активтің 22-сін, соның ішінде республикалық меншіктегі 8 компанияны және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 14 компаниясын, сондай-ақ нақты ортаға тапсыруға жататын 215 активтің ішінен Қордың 157 активін өткізу тәсілі бойынша шешімдер қабылданғаны туралы мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының 2017 жылғы 3 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын орындау үшін, мемлекеттік меншікте және квазимемлекеттік секторда қалатын, сондай-ақ таратылуы тиіс нысандардың тізбесі қалыптастырылды. Нысандардың тізбесін қалыптастыру кезінде біз түгендеу нәтижелерін негізге алдық, онда 6003 ұйымды мемлекеттік меншікте қалдыру ұсынылды, оның 88%-дан астамын әлеуметтік сала ұйымдары және 447 квазимемлекеттік сектор компаниясы құрайды, сондай-ақ 243 ұйымды тарату ұсынылды», - деп ақпараттандырды Т. Сүлейменов.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Үкіметке 2018 жылдың соңына дейін Кешенді жоспарға енген ұйымдарды жекешелендіруді аяқтау тапсырылған болатын.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list