02.03.2017
ҚР ЭМ мәліметі бойынша полипропилен өндірісіне 2,6 млрд доллар инвестицияланған. Құрылыстың басталуы – 2017 жылғы сәуір, іске асыру мерзімі – 2020 жыл. Параксилолды полиэтилентерефталат етіп қайта өңдеу мәселесі зерттелуде. Құны жоғары газ-химия өнімі өндірілуі мүмкін.
«Бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамыту – бұл мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру, жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайтын полипропилен және 430 мың тоннаны құрайтын полиэтилентерефталат өндірісі», - деді Қ. Бозымбаев.
Сондай-ақ, ол оның құны жоғары газ-химия өнімін ықтимал өндіру екенін де атап өтті.
«Қарашығанақ кен орнының ресурстық базасында жоғары қосылған құны бар газ-химия өнімін өндіру мүмкіндігі, сондай-ақ басқа жер қойнауын пайдаланушылардың ресурстық базасында бірқатар өзге жобалар, соның ішінде сұйылтылған газ өндірісі – LNG және газды сұйықтыққа айналдыру бойынша – GTL», - деп қорытындылады Қ. Бозымбаев.
Қайрат Жандыбаев