• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Үкіметі өнеркәсіп өсімін 2017 жылы 3% деңгейде болжауда 13.02.2017

Оның айтуынша, Болжам ЖІӨ өсімі бойынша және 2016 жылғы экономика салаларын дамытудың, АҚШ долларының есептік бағамын 360-тан 330 теңгеге өзгертудің алдын ала есептік мәліметтерін, сондай-ақ әлемнің тауар нарықтарындағы ағымдағы үрдістерді ескере отырып, нақтыланған.

Осылайша, атаулы ЖІӨ 2017 жылы 49 740,6 млрд. теңге көлемде болжануда, жан басына шаққандағы ЖІӨ 8 391,5 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Өнеркәсіп өсімі өңдеу өнеркәсібіндегі 2,6% дейгейдегі күтілетін әлдеқайда жоғарғы өсім есебінен 3% дейін арттыруға қарай қайта қаралған.

Мұнай өндіру көлемінің болжамы негізінен Қашаған кен орнындағы өндіруді арттыру есебінен 81 млн. тоннаға дейін артқан. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі 2,5% құрайды, инфляция дәлізі алдында бекітілген 6-8% деңгейде сақталған. 

 


Back to the list